Ninety one тобының мүшесі, көпшілікке Бала лақап есімімен танымал Данияр Құлымшы хейтерлер жайлы айтты. "Айқап" подкастында өнер иесі хейттің топ жетістігіне қалай әсер еткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Ол нәрсе болды. Алғашында қабылдамайсың. Сендер дұрыс айтып жатқан жоқсыңдар дейсің. Біз ондай емеспіз дейсің. Қаншама жыл өтті? Ол нәрсенің бәрін осы жылдар ішінде ойланып үлгересің. Адамдардың айтқан пікіріне байланысты Ninety one тобының жолы қалыптасты. Адамдардың айтқанына байланысты топтағы әр бала жауап іздеді. Осыған байланысты біз өз жолымызды таба бастадық. Ninety one тобы нақты осы жолмен жүр деп айта алмаймын. Алайда, біз адамдарға жамандық тілемейміз, жамандық жасамаймыз. Біздің әндеріміздің мәтінін оқып, шынымен түсінетін болсаңыз, көзді ашатын біраз нәрсе жатыр. Хейтке байланысты біздің жолымыз тазаланды. Менің ойымша, кішкентайымыздан халық еркелеткен әртіс болсақ, тіпті мұндай толыққанды картина құралмас еді. Осындай хейтті және адамдардың басқа ойы болады дегенді білмесек, мұндай ізденіске жетпес едік. Хейт өмірге деген көзқарастың өзгеруіне, есеюге, жауапкершілік алуға әсер етті. Сондықтан біз хейтерлерімізді жақсы көреміз", - деді Данияр Құлымшы.