«Хлопушка» пайдаланған: Маңғыстауда кәмелетке толмаған ұлының қылығы үшін әкесі жауап берді

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған ұлының қылығы үшін әкесіне ескерту түріндегі жаза қолданылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Бейнеу ауданының тұрғыны Е-нің кәмелетке толмаған ұлы С. көшенің бойында пиротехникалық бұйым «Хлопушканы» пайдаланған. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысында Е. кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрайтынын, алдағы уақытта ұлының пиротехникалық жарылғыш бұйымдарды қолданбайтынын көрсеткен. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға Е-нің кінәсін мойындап, әрекетіне шын өкінуі жатқызылса, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 3-бөлігінің санкциясында пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Сотпен кәмелетке толмаған ұлдың әкесі кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады