Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы үш ойынға қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстандық команда сырт айдында қатарынан үш ойын өткізеді. Алдымен 18 ақпанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар», одан кейін 20 ақпанда Ресейдің «Авангард» (Омбы), 22 ақпанда «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады. Аталған кездесулерде команда сапында ойын көрсететін хоккейшілер төмендегіше: Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Юлиус Гудачек. Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Алекс Грант, Джесси Грэм, Самат Данияр, Иван Мищенко, Нельсон Ножье, Эмиль Нұрғалиев. Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Джереми Бракко, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Шевченко, Аркадий Шестаков. Елордалық команда жарыстың плей-офф сатысына шығудан тыс қалды. Қазір турнир кестесінде 64 ойыннан кейін 59 ұпаймен жиырмасыншы орынды місе тұтып тұр.