Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының негізгі кезеңі аяқталып, ширек финалға жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.Биыл командалардың әрқайсысы 50 ойыннан өткізді. Көкшетаудың «Арлан» командасы Қазақстан тұрақты чемпионатының жеңімпазы атанды. Олардың ширек финалдағы қарсыласы - атыраулық «Бейбарыс». Екінші орын алған өзбекстандық «Хумо» 1/4 финалда қарағандылық «Сарыарқамен» кездессе, астаналық «Номад» Рудныйдың «Горнягымен», Өскеменнің «Торпедосы» «Ақтөбемен» ойнайды. Ширек финалдың алғашқы ойындары 20 ақпанда басталады.