Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатында А тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы Францияға қарсы матч өткізді.Екі команданың да қоржынында екі жеңістен болды. Дегенмен француздар қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орында тұрды, деп жазады Sports.kz.Никитин (Шестаков) — Бреус Хан, Оспанов-Логвин-Ермак; Авдеенко-Оразов, Ким-Бейсембаев-Нұркенов; Шақшақбаев-Решетько, Ляпунов-Симонов-Смольянинов; Шипилин-Русланұлы, Ситников-Мигунов-Гросс. Ойын барысында бірінші болып Дәулет Нұркенов шайба соқты, екінші таймда Егор Смольянинов ерекше көзге түсе білді. Соңғы шешуші 20 минут барысында Нұркенов дубль тіркеді, ал қорытынды шайбаны Александр Ким соқты — 4:0 (1:0, 1:0, 2:0). Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатындағы үшінші матчта да жеңіске жетті, келесі ойын ертең сағат 17:30-да Жапония құрамасына қарсы өтеді.