Қазақстан, 31 қаңтар 2024 жыл —HONOR жаһандық технологиялық бренді Қытайда MagicOS 8.0 атты платформа деңгейінде толықтай кіріктірілген жасанды интеллект пен пайдаланушы ниетін алдын ала танитын технология саласындағы ең алғаш интерфейсі бар жаңа жүйесін ресми түрде іске қосты. HONOR MagicOS 8.0 негізгі төрт бағыт бойынша жан-жақты жетілдіру ұсынады: интеллектуалды байланыс, өнімділік, құпиялылық пен қауіпсіздік және визуалды эстетика. «Біз MagicOS 8.0-ді ұсынуға ризамыз. Бұл біздің жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңейту және жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағытында атқарған жұмысымыздың нәтижесі», деді HONOR компаниясының бас директоры Джордж Чжао. MagicPortal: ниет болжамына негізделген пайдаланушы тәжірибесінің жаңа деңгейі MagicOS 8.0-дегі пайдаланушы ниетіне негізделген саладағытұңғыш интерфейс технология дамуының келесі қадамы болып табылады.MagicOS 8.0 жүйесі сөздерді, ымдарды, тіпті көз қозғалысын түсініп, пайдаланушы ниетін болжай алады, соның негізінде қолданбалар мен қызметтерді ұсына біледі. Бұл инновациялық үдерістің арқасында ұялы жұмыстың ыңғайлылығы мен тиімділігі артады. MagicLM платформа деңгейінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңейтеді MagicOS 8.0-пен бірге HONOR өзінің ауқымды тілдік моделі MagicLM-ді де іске қосты. Алгоритмнің көмегімен пайдаланушылар платформа деңгейіндегі жасанды интеллектінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне иеболады. Ол табиғи тілді түсінеді, сонымен қатар мәтінді сөзге түрлендіру, фото және бейне жасау, бейнеде нақты кадрды анықтау сияқты әртүрлі өзара әрекеттесу режимдерін түсіне алады және талдайды. Платформалық жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы арттырылған ыңғайлылық HONOR платформасының жасанды интеллектіні пайдалану бойынша жетістіктері MagicOS төрт негізгі технологиясының бірі MagicRing тиімділігін арттырды. Енді MagicRing-тің энергиялық тиімділігі 25%-ға, ал жылдамдығы 500%-ға өсті. Жасанды интеллект кепілдік беретін құпиялылық пен қауіпсіздік Жасанды интеллект туралы айтатын болсақ, пайдаланушының құпиялылығы HONOR үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. Пайдаланушының құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін MagicOS 8.0 ParallelSpaces жүйелік функциясын қолданады. Бұл функция пайдаланушының дербес деректерін тарап кету қатерінен ең жоғары деңгейде қорғайды. Құрылғылар үшін MagicOS 8.0 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында қолжетімді болады. HONOR бренді туралы 2013 жылы негізі қаланған HONOR интеллектуалды құрылғылардың әлемдегі жетекші жеткізушісі болып табылады. Біз жаһандық танымал технологиялық брендке айналып, барлық сценарийлерде, арналарда және барлық адамдар үшін ақылды өмірді қамтамасыз етуге талпынамыз. Инновацияларға, сапаға және қызмет көрсетуге стратегиялық түрде назар аудара отырып, HONOR бүкіл әлемдегі адамдарға өздерінің ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен перспективтітехнологияларынан асып түсуге мүмкіндік беретін технологиялар әзірлеумен, сондай-ақ өзінің инновациялық өнімдер портфолиосы арқылы барлық адамдарға арналған жаңа зияткерлік әлем жасаумен айналысады. Толығырақ ақпарат HONOR сайтында: https://www.hihonor.com/kz/HONOR-дың Қазақстандағы PR-менеджері Email: chorneykirill@hihonor.com *** HONOR өнімдері жайлы толығырақ ақпарат алу үшін біздің жедел желімізге хабарласыңыздар. Қоңырау шалуға қоса, сіз Telegramқолданбасына немесе сайттағы онлайн чатқа хабарласа аласыз. 9:00 мен 01:00 аралығында кез келген уақытта қоңырау шалуға, немесе хабарлама жазуға болады: Жедел желінің нөмірі: 8 800 100 7777 (ҚР байланыс операторларына тегін) Онлайн чат: https://www.hihonor.com/kz/support/ Email: kz_support@hihonor.com Телеграмм-чат: t.me/honorKZ_bot