Еркін күрестен 86 келіде Париж Олимпиадасының жолдама иеcі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков осы жолы күміс жүлдеге ие болды.Алдымен 1/16 финалда Азамат үндістандық Дипак Пунияны оңай ұтты – 6:2. Дипак оңай шағылар жаңғақ емес еді, себебі ол – былтырғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонан соң Валентин Бабилге еш мүмкіндік қалдырмады – 11:0. Ал ширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені ұтты – 10:0. Израильдік қарсыласы Матт Файнсилверді осы есеппен жеңіп, финалға шықты. Ал финалда жерлесіміз болгариялық Магомед Рамазановпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Магомед – тәжірибелі балуан. Ол Ресей сапында 2019 жылы әлем кубогында топ жарған, 2024 жылдан бастап Болгарияның намысын қорғайды.