Алматыдағы хостелден шыққан өрттен зардап шеккендердің біреуі – студент. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сағат 10:20-дағы жағдай бойынша Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен 4 адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген. Науқастың бірі – 1996 жылғы әйел көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы – орташа ауыр, тұрақты. Тағы 3 науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш науқастың бірі – 1999 жылғы студент, Үндістан азаматының қолы жараланған. Барлық зардап шеккендерге толық көлемде қажетті медициналық, соның ішінде психологиялық көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада. Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды.