Хромтау тұрғыны 13 күн бойы қымбат алкогольді тегін ішкен

Кәсіпкерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 мың теңгеден асты.Бір ай ішінде дүкеннен 13 рет ішімдік ұрлаған Хромтау тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.Полиция қызметкерлерінң мәліметінше, 29 жастағы жігіт бір ай ішінде Хромтау қаласында орналасқан супермаркеттердің біріне 13 рет келіп, әрқайсысында 1 бөтелке алкоголь өнімін жасырын жымқырып отырған. Дүкен сөресіне қойылған бөтелкелердің ішінде оны құны 8 мың және 9 мың теңге болатын виски өнімдері ғана қызықтырған. Қарашаның басында супермаркетке келген азамат сөреден 1 бөтелке алкоголь өнімін алып, күртесінің ішіне салып, жасырын алып шыққан. Мұны ешкімнің байқамағанын білгеннен кейін ол ертеңіне дәл сол жерге тағы келіп, осы заңсыз әрекетін қайталаған. Осыдан кейін жігіт мұны әдетке айналдырған. Тіпті бір күнде екі рет: түске дейін және түстен кейін келіп, әрқайсысында 0,5 немесе 0,7 литрлік бір бөтелке вискиді тегін әкетіп отырған. Бұл туралы полицияға желтоқсанның басында 43 жастағы кәсіпкер арызданды. Ұрланған алкоголь өнімдерінің салдарынан кәсіпкерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 мың теңгеден асқан. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу және бейнекамералардың жазбаларын зерделеу барысында полицейлер хромтаулық күдіктіні анықтап, ұстады. Ол ұрлаған алкогольдік өнімдердің барлығын ішіп тауысқанын жеткізді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабымен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
"Зеленский соңғы жайтқа өкінемін десін": Ақ үй шарт қойды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Бозкілемде атой салған балуандар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Жасанды интеллект жаппай құбылысқа айналмайды
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жайылым жерлерді кеңейту
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
Инвестицияның игілігі мен иірімі
«Байға тиемін»: Құлдықта болған Құндыз күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Қазақстандықтар 8 наурызда қосымша демалыс күнін алады
Бокстан айымыз оңынан туды
Мұғалім болу – бір басқа, «ұстаз» болуға тест керек
Керек ағашты кесе берме
Азық-түлік бағасы реттелмек
Ақмола әкімдігі жер қойнауын пайдалану бақылауын күшейтті
Қазақ тілі – ұлттық бірегейлігіміздің нышаны
Жезқазғанда африкалық мұғалімге заңсыз жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
Қос азаматтығы бар адамдар анықталды