Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың ең үздік футбол жаттықтырушысын анықтады. Бұл марапатқа "Манчестер Сити" командасының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола ие болды, - деп жазды massaget.kz.Испан маманы 2023 жылы ағылшын премьер-лигасын, Англия кубогын, Чемпиондар лигасы, Еуропа Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. IFFHS таңдауы бойынша Хосеп Гвардиола 14 жылдан бері үздік бес жаттықтырушы қатарынан шыққан емес. 2009 және 2011 жылдары да бұл марапатқа ие болған. 52 жастағы маман "Манчестер Сити" командасын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Командамен 16 рет ірі жарыста жеңімпаз атанған. Ағылшындық клубқа дейін "Барселона" және "Бавария" командаларын жаттықтырған.