Илон Маск Ресейдегі "Вагнер" жасағының әскери бүлігіне байланысты оқиғаларды жіті бақылап отырғанын мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.Twitter-дегі парақшасында ол осы мәселеге қатысты қызығушылығы және алаңдаушылығымен бөліскен. Түні бойы ұйықтамай, тіпті АҚШ-та таңды 6 болған кезде де ол әлеуметтік желі арқылы жағдайды бақылап, "Вагнер" ЖӘК-тің әскери бүлігіне қатысты меммен де бөліскен.