Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск брендтің логотипін өзгертетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ребрендинг жайында ол өз парақшасында хабарлады. «Жақында Twitter брендімен және бірте-бірте бүкіл құстармен қоштасамыз», - деп жазды ол. Желі иесі өз парақшасында жаңа логотиптің кейбір нұсқаларын ұсынды. Илон Масктың айтуынша, құс X-пен алмастырылады. Өйткені бұл адамдардың мінсіз еместігін, кемшіліксіз жан болмайтынын білдіреді. «Бұл бізді осындай бірегей етіп тұрған бүкіл кемшіліктерді көрсетеді», - дейді ол.