Илон Масктің спутниктері Жердің озон қабатын "жойып жатыр", осылай деп дабыл қаққан ғалымдар ерекше алаңдаулы деп жазды businessinsider.com. Орбитада қазірдің өзінде 6 500-ден астам Starlink спутнигі жүр, алда тағы 42 мыңын ұшыру жоспарланып отыр. Бұл спутниктер 5 жыл қызмет етеді, содан кейін атмосферада жанып, зиянды алюминий оксидін бөледі. Яғни жыл сайын Жерге 350,000 тонна алюминий оксиді бөлінеді. Бұл Жердің озон қабатына қатты зиян келтіреді, - дейді ғалымдар.