"Импорт дәрі-дәрмекке тәуелді екенімізді мойындауымыз қажет", - министр

"Әлем 2040 жылы шоколадсыз қалуы мүмкін". Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Қазірдің өзінде кей африкалық және индонезиялық фермерлер какао бұршақтарын өсіруден бас тартып жатыр. Бұл бағаға қалай әсер етеді? Осы және өзгеде ақпараттар "Экономика" топтамасында.Ұлттық банк жаңа «Сақ стиліндегі» банкноттарды бірнеше жыл ішінде айналымға шығармақ. 5 мың теңгелік ақша былтыр желтоқсанда таныстырылған еді. Енді наурыз айында жаппай қолданысқа түседі. Жауаптылар алдымен тиісті жабдықтарды, банкоматтар мен терминалдарды дайындап, барлық өңірлерге жаңа ақшасына жеткізбек. Жаз мезгілінде 10 мың теңгелік ақша айналымға түседі. Осылайша, келер жылдың соңына дейін жаңа сериядағы банкноттар толығымен қолданысқа енеді. Ескі және жаңа купюраларды 1 жыл қатар пайдалана аламыз. АҚШ долларына сұраныс 20 пайызға азайған. Жыл басынан бері 190 млрд теңгеге сатылған. Қазір ақша айырбастау пунктерінде көк қағаз 448-452 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды. Астанада көрші ел валютасы 4,75-4,9 теңгеден сатылуда. Тәттіге тәбеті күштілерге тықыр таянады. Шоколад тапшылығы туындайды. Тіпті какао ағашын өсіру тиімсіз болып барады деп даурығып жатқандар бар. Соңғы қырық жылда аумағы 40 процентке кеміген. Оған жаһандық климаттың өзгеруі себеп болған. Әлемдік какао экспортының 70 пайыз үлесі Гана мен Кот-д’Ивуар-ға тиесілі. Егер бұл елдерде орташа ауа температурасы 2 градусқа көтерілсе, шоколад индустриясы тоқтауы мүмкін. Әлемдік сарапшылар биылдың өзінде тәттінің бағасы күрт қымбаттайтынын ескертті. Десе де, өнімге сұраныс азаяр емес. Өткен жылы құрамында какао мен шоколад бар 72,8 мың тонна дайын өнім елімізге импортталған. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Өнімнің басым бөлігі Ресей мен Түркиядан келген. Дертке дауа іздеп дәріханаға барсақ, сөреде шетелдік тауарлар самсап тұрады. Препараттардың 70 пайызы импортқа тиесілі. Өткен жылы 1,7 млрд долларға дәрі сатып алғанбыз. Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін отандық өндірістің көлемін 50 пайызға жеткізу керек деген тапсырмасы бар. Оның орындалмауына түрлі себеп барын министрдің өзі ашық айтты. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Бірыңғай дистрибьютор тарапынан сатып алынатын дәрі-дәрмек көлемінде бірінші орында Қазақстан тұр. Атауымен санағанда 60 пайызға дейін отандық өндірушілерден алынатын дәрі-дәрмекті құрайды. Екінші орында 8 пайыздық үлеспен Германия, үшінші орында Үндістан тұр. Денсаулық саласында отандық үлес аз болғанымен кейбірін экспортқа шығарудамыз. Былтыр 17 млн долларды құрайтын тауар шекара асты. Негізінен Пәкістан мен Ресейге шығарылған. Бірақ оның тек 10 пайызы ғана дәрі-дәрмек. Қалғаны медициналық құралдар мен түрлі бұйымдар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді