2023 жылғы 16 ақпан күні 09:00 сағатта Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан 15 ақпан күні 09:00 сағатта 1970 ж.т. азамат түйемен мал бағуға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама түскен болатын. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде, сол күні 14 сағат 30 минутта Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған азамат табылды. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар АПБ, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да қатысты. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруге шақырады.