Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Индира Расылхан қыздардың мәһрге көлік пен үй сұрауы қалыпты жағдай деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Видеода ер жігіт бірнеше қызбен сөйлесіп көргенін және олардың мәһрге көлік, үй, гауһар тас сынды қымбат сыйлық сұрайтынын айтады. Сонда Индира: “Сонда мәһрді көп сұраған қыз кінәлі болып тұр ма? Бұл мәселеге басқа жағынан қарауға болады. Ол қызға Алла сенің мүмкіндігіңді білгендіктен және сол дүниені берейін деп тұрғандықтан сондай ой салып тұр. Мұны мүмкіндік ретінде қабылдау керек. Тек мерзімін ғана келісу керек. “Бір жыл болса, бұйырса болады” деген сияқты. Сондықтан қорқудың, қыздарды кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл Алладан келген мүмкіндік”, – деп жауап берді.Ол жігіттерге жауапкершілікті алудан қашпау керегін айтты. “Некелескен әйеліңіз мәһрге не нәрсе сұрағаны, ол Аллах тағаланың ауызына сслып беріп отырған сөзі. Сондықтар жас жігіттер ескерту, ондайдан қашпаныздар. Керісінше, сізге Аллах тағаланың оның берекесін 2-3 еселеп үйіп төгіп беретінін біліңіз”, – деп жазды Индира Расылхан. Желі қолданушыларының басым көпшілігі мәһр сұрамай-ақ күйеуге тигенін айтады. “Осы бізде мәһр деген барма еді?!”, “Мәһр де, сахарда сұрамай, байға тиіп алыппыз”, “Алған жарың шын пейілімен жақсы көріп, сыйлап, орталарында жақсы қарым-қатынас болса сол мәһрдің көкесі емес пе?”, “Мәһр де болмаған-ау”, “Мәһр сұрамай-ақ үйі жоқ жігіттің артынан кете беріппіз”, – деп пікір қалдырды желідегілер.