Индонезияда көшкіннен 15 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды

Индонезияның шалғай аралдарының бірінде болған нөсер жауын мен көшкін салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елдің Риау провинциясының Натуна ауданында болған көшкіннен зардап шеккен ауылды табуға ауа райының қолайсыздығы мен байланыс желілерінің зақымдануы кедергі келтіріп отыр, деп хабарлады Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің (BNPB) шенеуніктері. Шалғайдағы Серасан аралындағы жартастың жанындағы үйлерді лай мен қоқыс басты. 50 адам із-түзсіз жоғалып, 15 адам қаза тапты. BNPB өкілі Абдул Мухари дүйсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде Натуна аралындағы Пенаги портынан зардап шеккен аймаққа 60 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобы ұшып келгенін айтты. Қазір аралға жету қиын. Оған барар жол әдетте жылдам қайықпен шамамен бес сағатты алады. «Ертең апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттік процесті жеделдету үшін тікұшақ жібереді», - деді ол жергілікті Kompas ТV арнасына. Көшкін салдарынан ауылдағы жолдар жабылғандықтан эвакуациялау процесі қиынға соқты. Индонезия жаңбырлы маусымда көшкінге бейім. Толассыз жауған жаңбыр архипелагтың әртүрлі бөліктерінде су тасқынын тудырады. Сарапшылар климаттың өзгеруінің салдары елдегі экстремалды климат пен ауа райы құбылыстарымен байланысты апаттарды күшейтуі мүмкін дейді. Индонезияның Борнео бөлігіндегі су тасқыны салдарынан 17 мыңнан астам үйді су басты. Малайзияда да толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеп соқты. Соңғы аптада елдің бірнеше штатында 4 адам қаза тауып, 41 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 2020 жылы Индонезия астанасы Джакарта соңғы жылдардағы ең жойқын су тасқынының бірін бастан кешіріп, салдарынан 67 адам көз жұмған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған стюардессаның жағдайы белгілі болды (видео)
Шығыс Қазақстанда 15 жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды
Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды