Индонезияның оңтүстік-шығысындағы Сулавеси провинциясының жағалауында болған паром апатынан 15 адам қаза тауып, тағы 19 адам із-түзсіз жоғалды.Бұл туралы Ұлттық іздеу-құтқару агенттігінің басшысы Юсуф Латиф мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған. Кеме бортында 40 адам болды. Қаза тапқандардың денесі отбасыларына берілді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.