Индонезияда туристер шыны көпірден өткенде еден сынды. Салдарынан төрт адам құлап, олардың біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Астана телеарнасы Kumparan басылымына сілтеме жасап. Оқиға сәрсенбі таңғы сағат 10 шамасында Орталық Ява Баньюмас округінің Лимпакувус қаласында орналасқан туристік аймақта болды. "Туристер басқан әйнек сынған кезде, олардың екеуі көпірдің тіректерін ұстап қалған, ал қалған екеуі құлады", - деді Банюмас полициясының бастығы, полиция комиссары Эди Суранта Ситепу.Қайтыс болған адам Индонезияның Банджарнегара қаласыны 49 жастағы тұрғын болған. Полиция көпірді қоршап алды, сараптама жүргізіліп жатыр.