Индонезияның Сулавеси аралындағы никель зауытында болған жарылыс салдарынан кем дегенде 13 жұмысшы қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.Бастапқы тергеу деректеріне сәйкес, жарылыс жөндеу жұмыстары кезінде орын алған. Оның артынан тағы бірнеше жарылыс болды, себебі жақын жерде оттегі баллондары көп тұрды, деп хабарлады Indonesia Morowali Industrial Park (IMIP) өкілі. Жалын бірнеше сағаттан соң сөндірілді. Жарылыс салдарынан 8 индонезиялық және 5 қытайлық азамат көз жұмды. Аудан басшысы міндетін атқарушы Рахмансия Исмаилдың жергілікті БАҚ-қа хабарлауынша, жарақат алғандардың жартысына жуығы – шетелдік жұмысшылар, олардың кем дегенде 17-сі ауыр жарақат алған. Компания зардап шеккендерді емдеу шығындарын өзі өтейтінін мәлім етті. IMIP – тот баспайтын және көміртекті болат өндіретін қытайлық компанияның никель кәсіпорны. Биыл никель зауытында дәл осы өнеркәсіп паркінде наразылық шарасы кезінде қытайлық және индонезиялық жұмыскерлер көз жұмған. Сондай-ақ зауытта бірнеше ай бұрын болған өрт кезінде бір жұмысшы қаза тауып, тағы алтауы жарақат алған.