"Ине шаншар жер жоқ": Шымбұлақ өкілдері қала тұрғындарына мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде 1 қаңтар күні Шымбұлаққа келген халықтың видеосы тарап кетті. Осы орайда курорт өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына мәлімдеме жасап, адамдардың ағылып келіп жатқанына байланысты Шымбұлаққа ертерек келуге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Кеше, 1 қаңтарда Шымбұлақ тау шаңғы курортына демалуға келген адамдардың видеосы желіде тарады. Бейнежазбада жиналған көпшіліктің толассыз кезекте тұрғанын көруге болады. "Демалыс күндері Шымбұлақта осындай жағдай болды", - деп жазылған "НЕХабар" Telegram-каналында жарияланған видеоның астында. Куәгерлердің бірі таңғы уақытта курортта аса көп адам болмағанын жеткізді. Сөзінше, ол кезде тұрақта орын болған. Алайда түске қарай жағдай күрт өзгеріп, адам саны көбейіп кеткен. Сағат 15:00-де Шымбұлақта ине шаншар жер болмай қалған. Шымбұлақ өкілдері ресми Instagram парақшасында жазба жариялап, курорттың жұмыс уақытына байланысты хабарлама жасады. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2 қаңтарда курорт 8:30-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Екі тариф қарастырылған: таңғы және толық. Таңғы тариф 8:30-дан 13:30-ға дейін (төмен түсу 13:30-ға дейін) жарамды. Толық күндік тариф 8:30-нан 17:00-ке дейін жарамды (төмен түсу 00:00-ге дейін). "Құрметті қонақтар, түскі уақытта көлік қозғалысы көбейетіндіктен курортқа алдын ала келулеріңізді сұраймыз. Арқан жолына отыру үшін кезек күтілуде. Сағат 15:00-18:00 аралығында қонақтар ағыны көбейеді", - делінген ресми хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты