Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Италияның Коллальбо қаласында басталған жастар арасындағы әлем кубогының 2-кезеңінде қос жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.Инесса Шумекова 1000 метр қашықтықта жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Ол 1:22:34 нәтижесін көрсетті. Күміс медаль тағы бір ұлттық құрама спортшысы Арина Ильященконың (1:22:61 секунд) еншісінде.Одан кейінгі сатыға Польша өкілі Магдалена Смедзик (1:23:20 секунд) жайғасты. Байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысып жатыр.