Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Президент алдымен шетелдік инвесторлардың кеңесінің жұмысына алғыс айтты. Инфляцияның өсуі, сауда шектеулері жаһандық экономиканың дамуына әсер етіп жатыр. Осыған қарамастан Қазақстан сыртқы жағдайларға ойдағыдай төтеп берді деп айта аламын. 4 ай ішінде экономикамыздағы нақты өсім 5%-ға тіркелді, - деп айтты Тоқаев. Мемлекет басшысы атап өткендей, былтыр Қазақстан 28 млрд долларға шетелдік инвестиция тартқан. Сыртқы сауда айналымы 32 пайызға өсіп, 134 млрд долларға жетті. Бір айта кетерлік жайт, шетелдік инвесторлар шикізаттық емес секторға айрықша қызығушылық танытады. Халықаралық рейтинг агенттіктері де Қазақстанның инвестициялық әлеуетін растады. Бүкіл әлемде протекционизмнің белең алуына қарамастан, ашық нарықтық экономикасы бар ел ретінде өз позициямызды нығайта түстік, - деді Тоқаев отырыста.