Интернет алаяқтары жыл басынан бері қарағандылықтарға 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Қазір аймақта дәл осы қылмыс күн санап өсуде. Тосын қоңырауға алданғандардың көбі -қаржылық сауаты нашар азаматтар мен зейнеткерлер. Қаскөйлердің тұзағына түспеу үшін не істеу керек? Тілшіміз айтады.Дмитрий Ивановқа ватсап арқылы қоңырау шалған бейтаныс кыз оған 7 жарым млн нан астам теңге алдырып алған. Дмитрий өзін банк қызметкерімін - деп таныстырған әйелдің нұсқауымен екі банк, 6 микронесие ұйымынан ақша алып белгісіз есепшотқа аударыпты. Интернет алаяғының арбауына түскенін 1 айдан соң бір-ақ білген. Дмитрий ИВАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырды. Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдепті, енді ол соманы банкке қайтаруыңыз керек деді. Мен сөздеріне сеніп ақшаны шешіп белгісіз шотқа аудардым. Сөйтсем олардың өздері алаяқ екен, менің атыма несие рәсімдеп, сол ақшаны шешкізіп өздеріне аудартып алыпты. 1 айдан соң жан- жақтан банктер ай сайынғы төлемді талап еткен кезде бәрін түсіндім. Дмитрий -дәнекерлеуші. Әйелі, екі баласы бар. Онсыз да несие төлейтін. Соған қарамастан банктердің 7 жарым млн теңгені оның атына оңай рәсімдей салғанына таң қалады. Алаяқ банк қызметкері болуы мүмкін деп топшылайды. Қазір бұған қатысты қылмыстық істі қозғалған, полиция тергеу жүргізіп жатыр. Банктер несие өсімін уақытша тоқтатқан. Дмитрий ИВАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір ақшаны кім, қай жерде шешкені анықталып жатыр. Мысалы, Форте банкінен Павлодарда шешіпті. Банктердің барлығына арыз жазып апардым, не істерімді білмеймін. Жыл басынан бері Қарағанды облысында осы дерекпен 677 қылмыстық іс қозғалған. Алаяқтар 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Алайда 12-ақ күдікті ұсталды. Олардың арасында бұрынғы банк қызметкерлері де бар. Сондықтан полиция күдікті қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді: Әбіл ӘБІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрметті облыс және қала тұрғындары егер сіздерге банк қызметкерлері қоңырау шалса ол сіздерде бірден күмән туғызуы қажет. Телефон тұтқасын қойып жедел желіге немесе 102 телефонына хабарласыңыздар. Статиска бойынша, интернет алаяқтарына қаржылық сауаты нашар қарапайым тұрғындар мен зейнеткерлер алданады. Жуырда ғана өз қызметін пайдаланып, алаяққа 66 жастағы зейнеткердің жеке деректерін берген банк қызметкері ұсталды. Олар қарияға 930 мың теңге несие алдырған.