«Интернет сапасы туралы айтып отырмыз, бірақ өзімізде байланыс жоқ», - О. Бектенов

Интернет сапасы нашар. Соған қарамастан тариф 60 процентке қымбаттады. Бұл халықтың қитығына әбден тисе керек, былтыр 21 мың адам шағым жазған. Биыл 5 айда наразы жұрттың саны 11 мыңға жетті. Тұрғындар ауылды былай қойғанда, қаланың өзінде телефон арқылы емін-еркін тілдесу мүмкін емес, - дейді. Үкімет басшысы министрлікке мәселені шешу үшін 3 ай уақыт берді. Жауаптылар жылдап жете алмаған жетістікке осы мерзімде жете ала ма? Аружан Задабектің сюжеті. Елімізде 6290 ауыл бар. Оның тек 4866-ы интернетке қосылған. Қалған 1424 мекеннің мәселесі қашан шешілері белгісіз. Бұл – министрдің баяндамасы. Цифрлық даму министрлігінің бұрыңғы басшысы «біз Токиодан асып кеттік» деп мақтанып еді. Жаңадан келген басшы олай айта алмады. Жұрттың пікірінен қорықты ма, әлде өтірік сөйлегісі келмеді ме, қайдам, әйтеуір үнсіз құтылуға тырысты. Жаслан МӘДИЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ:Жұмыс істейміз. Сапасы төмен жерлер бар. Оны енді отрицать не можем. Мусин кезінде Токиодан асып тұрмыз дегені бекерден-бекер айтпаған екен. Шетелдік рейтинг сол кезде Қазақстанды 64-орынға қойса, Жапонияны 65-ке жайғастырған. Ал биыл бұл көрсеткіш өзгерді. Еліміз 66-орында. Бұл Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанға қарағанда жоғары. Мұндай статистиканы майын ағызып тұрып айтамыз. Осылай мақтанып отырғанда Үкімет отырысы кезінде байланыс үзіліп кетті. Интернет сапасы талқыланып жатқанда жиында интернеттің итеріп жібергені ұят емес пе?! Бұл «интернет сапасы нашар» деп жүрген тұрғындардың сөзіне дәлел болды. Үкімет басшысы осыдан кейін министрлікке мәселені шешу үшін 3 ай уақыт берді.Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:Тұрғындар жылдам, 100 Мбит/секундтан кем болмайтын интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Республикалық және негізгі облыстық жолдарда сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернет болуы тиіс. Сондықтан байланыс қызметтерінің көлемін арттыру экономикалық өсудің маңызды аспектілерінің бірі екені белгілі. Біз сапалы интернеттің барлық жерде кеңінен таралғаны туралы әзірге ауыз толтырып айта алмаймыз. Жұртшылық бұл мәселеге үнемі шағымданып келеді. Үкімет басшысы тариф бағасына қатысты да сын-ескертпесін айтты. Инфрақұрылымды жаңартуды тапсырды. Ал министр 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс саласына 450 млрд теңгеден аса инвестиция салуға уәде берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Қарағанды облысынжа көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
"Ордабасы" жаңа бапкерді таныстырды
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады