Интернеттің сапасы қашан жақсарады?

Елімізде интернеттің сапасы сын көтермейді. Ауылды айтпағанда бас қаланың өзінде басты мәселе. Жылдамдығы көз ілестірмес интернетті пайдаланатын күннің ауылы алыс емес. Үкімет Ұлттық жобаны бекітті. Қаншалықты сапаны жақсартады? Ақбота Базарбай айтады.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: - Құрбым қалай жағдайың? - Ооо, Бота өзіңді көріп, қ-қ-қ-уанып... Тағы қатып қалды. Интернеттің сапасы ұятқа қалдырады осылай. Оған үйреніп те кеттік. Бейнебайланыс арқылы хабарласу ауыл түгілі қаланың өзінде қиын. Құрбымның жағдайын қоңырау шалып білейін. Жалғыз мен емес көпшіліктің интернет жылдамдығына көңілі толмайды. Бас қаланың тұрғындары барлығы ғаламторға байланысты деп пікір білдірді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қазіргі таңда 5G қосылғанмен бізде актив, билайн, теле2 сияқты желілерде бізде сеть вообще ұстамайды. - Осы районның өзінде интернет слабый ғой. 4G-дің өзі не может, 5G туралы айтпай-ақ та қояйық. - Ұстамай қалады. Қазақтелеком әсіресе. Кейбір жерлерде вообще істемейді. - Скорость маленькая очень. Сол үшін ұнамайды. Кешке қаратай ғой, үйге келгенде сол уақытта көбінесе скорость азаяды. Ал операторлар тұтынушылардың пікірімен келіспейді. Айтуларынша, елдегі интернет жақсы. Ал тарифтер бүкіл әлем елдерімен салыстырғанда әлдеқайда қолжетімді. Мамандар интернеттің сапасы кейде тұтынушылардың өзіне байланысты екенін айтады. Яғни, ғимараттардың төбесіне базалық станцияларды орнату керек екен. Ал ол үшін заңнамадағы талаптарды жеңілдету қажет. Бірақ, қазір халық қарсы болса, құрылғы орнатылмайды дейді. Евгения БЕКБОЛАТОВА, БАЙЛАНЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДИРЕКТОРЫ: Бұл күрделі жоспардан тұратын технологиялық процес. Оны кез-келген жерге қою мүмкін емес. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар бар. Мұндайда бір ғана тұрғынның ғимараттың төбесіне базалық станция орнатуға тыйым салуы жеткілікті. Бұл үлкен қалаларда желіні дамытуға кедергі келтіреді. Жылдамдығы секундына 100 Мегабит болатын кең жолақты интернетпен қамтылады. Тіпті 3 мыңнан астам ауыл халқы да толық байланысқа қол жеткізеді. Жалпы шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жылдамдығы жоғары интернет тартылатын болады. Жекеменшік операторлар тарапынан инвестициялардың жалпы сомасы 92 млрд теңге болған жағдайда, оның жартысын мемлекет күрделі шығындарға субсидиялар түрінде қайтаратын болады. Мұның барлығы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы негізінде жүзеге асады. Оны Үкімет бекітті. Жоба 2024-2027 жылдар аралығын қамтиды. Динара АЛИМОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Ұлттық жоба аясында негізгі магистралдарды мобильді интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу жоспарланған. Атап айтқанда, 487 антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарланып отыр. Бұл 17 мың шақырым автожолды мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді. ЗКТ: Ұлттық жоба Мемлекет басшысының интернет саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды. Келер жылдан бастап оны іске асыруға 1 жарым трлн теңгеден астам қаражат көзделген. Бүгінде 605 базалық станция тұрғызылса, 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының барлығына енгізу жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жыл қандай болмақ?
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"