Павлодарда әлеуметтік желі арқылы Iphone алмақ болған тұрғын сан соғып қалды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.Ол қымбат гаджетті Instagram желісінен тапсырыс берген.Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісінде тегін жеткізуімен Iphone 14 сатылатыны туралы хабарландыруды көрген. Алайда алаяқ қаражатты алған соң байланысқа шығуды тоқтатқан. Шығын көлемі 379 990 теңге болады."Бүгінгі таңда облыс аумағында осындай алаяқтықтың 153 жағдайы тіркелді. Тағы бір жағдайда қала тұрғыны әлеуметтік желіден оңай табыс көзі жайлы жарнаманы көріп қалған. Алаяқтар тұрғынды әртүрлі елдердің валюталарын сатып алу және сату арқылы пайда табуға болатынына сендірген. Бұл валюталарды сатып алу үшін жәбірленуші алаяқтарға 900 мың теңге жіберген. Қазіргі уақытта осы қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді өңір полицейлері.