Иракта түрмеге қамалған қазақстандық әйелдер аштық жариялады - СІМ

Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялаған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Ресми өкіл сөзіне сүйенсек, Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесіне қамалған шетелдік әйелдер аштық жариялаған. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар.“Осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан "Русафа" операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілді. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер – оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түсті”, - деді Айбек Смадияров. Сондай-ақ ресми өкіл түрмедегі әйелдердің негізгі талабы өз елдеріне тезірек экстрадициялану. Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, 2021 жылғы 19 наурыздағы мәлімет бойынша, "Русафа" түрмесінде шетелдік 494 әйел отыр. Олар Иракқа 18 елден келген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиадаға кімдер барады?
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді