3 қаңтарда зираттың кіреберісіне қойылған қаптарға екі жарылғыш зат салынған. Олар қашықтан қосылған. Қаза тапқан 73 адамнан бөлек, 170-тен астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.Ислам революциясы Сақшылар корпусының генералы Касем Сүлеймани Кермандағы осы зиратқа жерленген. Бүгін, 3 қаңтарда қайтыс болғанының бір жылдығына орай сол жерде оның құрметіне еске алу шаралары өтті, деп хабарлайды Иранның Tasnim агенттігі. Сүлеймани Құдс күштерін басқарды және Ираннан тыс операцияларды жүргізді. Ол Хамас пен Хезболла топтарына, сонымен қатар Сирия президенті Башар Асадқа әскери көмек көрсетті.2020 жылдың 3 қаңтарында Сүлеймани Ирак астанасы Бағдадта АҚШ әуе күштерінің нысаналы соққысының нәтижесінде қаза тапты.