Ирандағы онлайн-платформаларың біріне Криштиану Роналдудың қолы түйген заттар сатылымға шыққан,- деп хабарлайды Massaget.kz. Олар танымал футболшы Тегеранға келгенде тұтынған заттардан пайда тауып қалғысы келеді. Сатылымға шыққан заттар қатарында майлық, қарбыз бен кілемнің жібі де бар. Дүйсенбі күні Роналду ойнайтын "Әл-Наср" командасы Тегеранға келді. Олар Азия Чемпиондар лигасы жарысы аясында "Персеполис" командасымен ойнайды. Ирандықтар танымал футболшыға құрмет көрсетіп, парсы кілемін және шексіз пайдалануға болатын интернеті бар сим-карта табыстады. Тегеранның футбол жанкүйерлері "Әл-Наср" командасы автобусын қаумалап, сүйікті футболшыларынан қолтаңба алып қалуға тырысуда. Ал команда ойын алдындағы жаттығуларын кейінге шегерді. Роналдудың қауіпсіздігін ерекше санаттағы президент күзеті бақылап жүр.