Ирандық әнші Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды

Ирандық эстрада жұлдызы Шервин Хаджипур Грэмми сыйлығын алған әні үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alarabiya сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Хаджипур жазған Baraye әні 2022 жылдың қыркүйегінде 22 жастағы Махсы Аминидің өлімінен туындаған ирандық наразылық қозғалысының әнұранына айналды. Хиджабты дұрыс кимегені үшін полициялар қызды ұрып-соғып, соңында өлтірген еді. Әнші әнді бүкілхалықтық демонстрациялар кезінде шығарды және өткен ақпанда сол үшін Грэммиді жеңіп алды. Содан кейін 71 жастағы Джилл Байден "Әлеуметтік өзгерістерге арналған ең жақсы ән" номинациясында жеңіске жеткен Хаджипурды құрметтеу үшін сахнаға шықты. Америка Құрама Штаттарының 46-президентінің әйелі композицияны "бостандық пен әйелдер құқығына арналған күшті және поэтикалық үндеу" деп атады. Әнші Instagram парақшасында "ұлттық қауіпсіздікті бұзу мақсатында адамдарды жаппай тәртіпсіздікке итермелеп, арандатқаны үшін" үш жылға сотталғанын хабарлады. Оны "режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді" деген айыппен соттаған. Ол өз уақытын темір тордың ар жағында "АҚШ-тың адамзатқа жасаған зұлымдығы" туралы ән жазуы керек. Сот шешіміне сәйкес, Хаджипур Ислам революциясының "жетістіктерін насихаттайтын" іс-шараларға қатысуы керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қонаевтағы саябаққа жазушының есімі берілді
Жұмысшы мамандықтар жылы: Қарағанды облысы жаңа бастаманы қолға алды
Қазақстан қоғамы менің кейіпкерімді жек көрді – Мұхтар Мағауин
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
БҚО-да ТЖМ қызметкерлері газ жарылысының алдын алды
Президент қол қойған заң «Қазақфильмге» қалай әсер етпек
Астанада вандализм деректері анықталды
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Ауыл мектептерінен 1 мыңға жуық оқушы зияткерлік байқауларға қатысуға дайындалып жатыр
Енді киноға бөлінетін қаржының 30%-ы «Қазақфильмге» бағытталады – Аида Балаева
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды