Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz. Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған. "Өлімнің алдын-ала себебі "жедел геморрагиялық панкреонекроз" токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", - дейді басқарма өкілдері.