Испанияда адамдар тобықтан келетін су кешіп жүруге мәжбүр

Испанияда бірнеше күн қатарынан жауған жауын-шашын салдарынан көшелерде көлік қозғалысы тежеліп, кей аудандарда оқу орындарында сабақ уақытша тоқтатылды. Адамдар тобықтан су кешуге мәжбүр. Ал Чилиде құстар қырылуда. Оған не себеп? Әріптесім Сүндет Оралбеков шартарапқа шолу жасады.ҚҰСТАР ҚЫРЫЛУДА Чили жағажайында 200-ге жуық құс өлексесі табылды. Оқиға елдің солтүстігінде Кокимбо провинциясында тіркелді. Бұл жағдайға жергілікті билік пен тұрғындар алаңдап отыр. Себебі әзірге қанаттылардың жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Экспертиза жасау үшін өлекселер Саньтяго зертханасына жіберілді. Мамандар бұл жағдайға құс тұмауы себеп болуы мүмкін деп санайды. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр. ЖАУЫН-ШАШЫН БАСЫЛАР ЕМЕС Испанияда жауын-шашын басылар емес. Елдің оңтүстік-шығысында ондаған қаланы су басты. Мадрид көшелері де су астында қалды. Ірі жолдарда көлік қозғалысы тежелді. Кей аудандарда жағдайға байланысты мектептер, университеттер және балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты. Метрода да қазір жүріп тұру мүмкін емес. Адамдар тобықтан келетін су кешіп жүруге мәжбүр. Бұған дейін апатқа байланысты Мадридтің халықаралық әуежайы жабылған болатын. Күн райының қолайсыздығынан Мадрид, Валенсия, Беникасим және Кабанас қалалары айтарлықтай зардап шеккен. КОСОВОДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС Косовоның солтүстігінде НАТО бітімгерлері мен этникалық сербтер арасында қақтығыс болып, 50-ден астам серб пен НАТО-ның 40-қа жуық сарбазы жараланды. Қақтығыс Звечан шаһарында сербтер қала мэриясының ғимаратын басып алмақ болғанда туындаған. Олар сәуір айында сайлауда жеңіп шыққан албандық мэрдің қызметке кірісуіне қарсы. Сербия президенті Александр Вучич қақтығысқа Косово басшысы Альбин Куртиді айыптап отыр. Александр ВУЧИЧ, СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: Мен Косоводағы сербтерді НАТО-мен қақтығысқа түспеуге шақырамын - олардың қандай сезімде екенін және олар үшін қаншалықты қиын екенін білемін. Мен қорыққандықтан емес, әлде біреуіміз қорқатындықтан емес, біздің ешқайсымыздың жоғалтатын ештеңеміз жоқ, Куртидің бәрінен де қатты қалайтыны осы. Оның режимі сербтерді, албандарды және бәрімізді араздастыру үшін бәрін жасайды. Косово 2008 жылы Сербиядан бөлініп, егемендігін жариялаған еді. Бірақ Белград оны заңсыз деп, тәуелсіздігін мойындамай келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
«Екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз»: Бокстан бас бапкер Азия чемпионатына қатысты пікір білдірді
Роботтар дәуірі басталды
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі