Испанияда алып лабиринт ашылды

Испанияда ұзындығы 3 шақырымды құрайтын алып лабиринт ашылды. Ол 4 мыңға жуық өсімдікпен қоршалған. Ерекше құрылысты мамандар 5 жыл салған, деп хабарлайды «Хабар 24».Еуропада үшінші, ал Испаниядағы ең үлкен лабиринттің ішінде арнайы телефонның орнатылуы бекер емес. Шыға алмай, шыр айналсаңыз, арнайы қызметке хабарласып, көмек сұрауға болады. Ұзындығы 3 шақырымға жететін алып жасыл лабиринтты испан және британдық дизайнер ойластырған.Ал мамандар нысанды толық жасап шығу үшін 5 жыл уақыт жұмсады. Жеке кәсіпкер жергілікті биліктің қолдауымен бұл жобаны іске асыру үшін шамамен 500 мың евродан астам қаржы бөлген.Мигаль Анхел Санчис, бағбан: - "Кипарис деп аталатын ағаштың бұл түрі өте қолайлы, қалай қисаң да жап-жасыл болып, өз қалпын сақтап қала береді. Байқасаңыздар, Испаниядағы көп үйлердің қақпасы осы ағаш түрінен жасалады. Айына бір рет суарамыз, бір ағаш 5 литр су ішеді, көп емес".Ресми ақпарат бойынша, былтыр Испанияға 80 млн-ға жуық турист келген. Биыл бұл сан 100 млн адамға жетуі мүмкін. Әрине, жеке бизнес пен жергілікті билік мұндай мүмкіндікті толығымен пайдаланады. Сондықтан қызықты әрі ашық аспан астындағы жасыл туристік жобалар – ақша тартудың ерекше жолы.Рубен Родригес, кәсіпкер: - "Туристер өте көп, олар, әрине, бала-шағамен баратын жерді көп іздейді. Тарихи түрлі ғимараттардан бөлек, табиғаттың аясындағы ойын-сауық орындары саяхатшылардың ерекше ықыласын оятады".Лабиринтты жасау үшін 4 мыңға жуық кипарис талы қолданылған. Ұзындығы 3 шақырымға жететін лабиринтті орташа есеппен 1,5 сағатта жүріп өтуге болады. Билет құны – біздің ақшамен 3500 теңге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қара нарықта құны 36 млрд теңге болатын есірткі тәркіленген
Дани Ольмо мен Пау Виктор «Атлетикке» қарсы ойынға қатыса алады
Смартфонды 2 секундта толық зарядтайтын құрылғы жасалды
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Қаладан 15 200 текше метрге жуық қар сыртқа шығарылды
2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
2025 жылы қандай бағдарламамен үй алуға болады?
Қар да кәдеге асады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
NASA ғарышкерлері қаңтарда ашық кеңістікке екі рет шығады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады
14 жасар Мейрамбек әуелетіп доп тебуден әлем рекордын жаңартуы мүмкін
Таразда ер адам мен әйел бесінші қабаттың балконынан құлап кетті
95 көлік соқтығысқан оқиғаға қатысты тағы бір видео тарады
Сербиядан Қазақстанға қашқын алаяқ экстрадицияланды