Испанияда ұшатын такси қолданысқа ене бастады

Қалааларық әуе көлігі 200 шақырымды небәрі 4 минутта еңсереді. Бұл такси-ұшақтардың тағы бір артықшылығы электрден қуат алады яғни қоршаған ортаға зияны аз. Испанияның Майорка қаласы мен Ибица аралы арасында ұшатын такси қатынай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Жеке көлік компаниясы өнімінің қызметі арзан емес: таксидегі орын саны бесеу, бір жолаушы 710 еуро төлейді, бұл шамамен 342 мың теңге. Біз пилоттық жобаны бір ай бойы сынақтан өткіземіз. Егер сұраныс көп болса, такси Испанияның басқа да қалалары арасында қатынайды. Бұл электрлі қозғалтқышпен жүретін тікұшақтардың жаңа буыны, - дейді өндіріс компаниясының бас директоры Карлос Поведа. Пилоттық жобаны бастау үшін мамандар бес жыл бойы тер төккен. Қауіпсіздік өз алдына, ұшатын таксилердің логистикасын ұйымдастыру да – аса шеберлікті талап етті. Мамандар мұны интеллектуалдық транспорт түріне жатқызып отыр, өйткені көлікті құрастыру кезінде аэроғарыштық технологиялар мен инновациялық шешімдер қолданылған. Бастапқыда бір ұшақтың салмағы 720 кг еді, ал қуаты небәрі 60 шақырымға ғана жететін. Қазір біз оның салмағын 550 кг-ға дейін түсірдік, нәтижесінде 200 шақырымды оңай еңсере алатын болды, - деді техникалық директор Хавьер Ромо.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда кімдер ақылы жолдармен тегін жүре алады?
Пара дзюдошы Ақмарал Науатбек жағымды жаңалығын бөлісті
Астанада құны 100 млн теңге болатын кокаин тәркіленді
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады