Испанияның Сальвадор қаласындағы "Кускатлан" стадионында адамдар бір-бірімен кептеліп, кем дегенде тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. "Альянс" және ФАС клубтарының арасындағы кездесуде жанкүйерлер өз билеттерінің жалған екенін біліп, трибунаға басып кірмек болған. Осы сәтте ойын дереу тоқтатылды. Ұлттық полиция директоры ойын алдында электронды билеттер қайта сатылғанын растап, тергеу жүргізілетінін мәлімдеді. Жарақат алған жанкүйерлер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Қайтыс болғандардан бөлек, екі адамның ауыр жағдайда жатқаны хабарланды.Айта кетелік, футбол тарихында адамдардың кептелуі салдарынан ірі қайғылы жағдайға әкелген жайттар жиі кездеседі. Атап айтар болсақ, 1989 жылдың 15 сәуірінде Шеффилдтегі "Хиллсборо" стадионында болған адамдар кептелісінен "Ливерпуль" клубының 96 жанкүйері көз жұмып, 766 адам жараланған болатын.