Ит жоғалған баланы тапты

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 200-ге жуық адам із-түссіз жоғалған 10 жасар баланы екі тәулік бойы іздеді. Polisia.kz. дерегінше, жоғалған баланы табуға қызметтік ит көмектескен.Баланың жоғалғаны туралы ақпарат 26 қаңтар күні белгілі болды. Іздеу шараларына полицейлерден бөлек, өрт сөндіру бөлімі, ТЖ бөлімі және аудан әкімдігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық полиция департаментінен екі іздеу тобы көмекке келді. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл ауылдарының және басқа да ауылдардың тұрғындары көмек көрсетті. Біреулер жаяу, енді бірі автокөліктер мен жылқылар мініп келіп, төңіректі қарады. 27 қаңтар күні бала аман-есен бос тұрған үйден табылды. Бұл үйдің иелері жол жүріп кеткен. Оны аудандық полиция бөлімінің кинолог-инспекторы Нұрлан Жауар Цефей есімді неміс овчаркасының көмегімен тапты. – Бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің қарауында. Ювеналдық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Баланың отбасымен жұмыс жүргізілетін болады. Полиция бөлімі басшылығының және жеке құрамның атынан іздеу жұмыстарына қатысқан ауданның барлық тұрғындарына алғысымды білдіремін, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Алижанов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Автожолдардағы ауа райы қандай екені белгілі болды
«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті
Қазақстан әлем чемпионатында кімдермен және қашан ойнайды?
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді