Ит тауда көз жұмған иесін 2 ай бойы күзетіп жанында отырған

71 жастағы Рич Мур 19 тамызда иті Финнимен бірге Колорадо штатындағы Пагоса-Спрингстегі үйінен шығып кеткен. Тәжірибелі саяхатшы теңіз деңгейінен 12 500 фут биікте орналасқан Блэкхед шыңына шығуды жоспарлаған. Аталмыш шыңға шығу үлкен күш-жігерді қажет етеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі All That’s Interesting сайтына сілтеме жасап.Олар үйден кеткенде күн жылы, ауа райы ашық болды. Мур мен Финни кешке үйіне оралмағасын жақындары олардың жоғалып кеткенін хабарлаған. Іздестіру шаралары жүргізілгенімен, құтқарушылар ит пен иесін таба алмаған. Кейінірек Рич Мурдың тауда қайтыс болғаны хабарланды. 30 қазанда жергілікті аңшы өзен бассейнінің маңынан Рич Мурдың денесін тауып алған. Адал ит иесінің денесін екі айдан астам уақыт бойы күзетіп тұрған. Иесімен бірге тауға шығып әбден үйренген ит тышқан, ала тышқан сынды ұсақ аңдарды аулаған. Арчулета округінің коронері Брэд Хант The Washington Post басылымына Рич Мурдың суық тиіп қайтыс болғанын айтты. Оның үстінде капюшоны бар мақта күрте ғана болған. Таудағы температура тамыз айының өзінде қауіпті төмен деңгейге жетуі мүмкін. «Пагоса-Спрингсте ауа райы жылы болғанымен, тауда айтарлықтай суық болды», - деді Хант. Құтқарушылардың айтуынша, Рич Мур мен Финниді іздеу жұмыстары тамыз айында 2000 сағатқа созылған. Ақырында іздеу жұмыстары тоқтады. Мәйітті жергілікті аңшы қазан айында шыңнан шығысқа қарай екі мильден астам жерде, іздеу жүргізілген жерге қарама-қарсы бағыттан тауып алған. Ер адамның неліктен бұл жолға түскені белгісіз. Ханттың айтуынша, Рич Мур адасып, бағдарын жоғалтып алған сияқты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адамсенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады: 13 желтоқсан 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?