Италияның оңтүстік жағалауында қайық тулаған толқынға төтеп бере алмай суға батып кетті,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Соңғы мәліметке қарағанда, 59 мигрант қаза тапқан. Олардың 12-сі – бала. Су көлігі Калабрия провинциясының Кротоне қаласына бара жатқанда апатқа ұшыраған. Оқиға орнына барған Италия ішкі істер министрінің айтуынша, қазір шамамен 30 шақты босқын іздестіріліп жатыр. 80 адам тірі табылды. Бұл қайық бірнеше күн бұрын Түркиядан жолға шыққан. Оның жолаушылары - негізінен Ауғанстан, Пәкістан, Иран, Сомали азаматтары.