Италияда бір жарым күн бойы толассыз жауған жаңбырдан 13 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 5 мыңнан астам ферма су астында қалып, ондаған мың гектар жүзім алқабы су ортасында қалды. Сел көшіп, 400-дей жолға зақым келді.Жергілікті биліктің айтуынша, мұнда соңғы 40 жылда бөгеттер салынған жоқ.Олқылықты жою үшін гидротехникалық құрылысты басқаша жүргізу қажет.Үкімет келесі аптада табиғи апатқа байланысты жиын өткізуді жоспарлап отыр.