Итбалықтар мен бекіренің қырылу себебі зерттеліп жатыр – Нысанбаев

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің батысында итбалық пен бекіренің қырылуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.«Бүгінде өлген 59 итбалық пен 67 бекіре балығы табылды. Дауылдан кейін оларды жағаға шығарып тастаған. Өлекселерге қарағанда олар әртүрлі уақытта өлген. Сол себепті бүгінде ол жақта құрамында ғылыми-зерттеу институттары, Итбалықтарды зерттеу және сауықтыру орталығы, жергілік мемлекеттік органдар өкілдері бар жұмыс тобы айналысып жатыр. Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері жағдайды зерделеуде. Судан, ауадан, топырақтан қажетті сынамалар алынды», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Ерлан Нысанбаевтың атап өтуінше, жануарларлар мен балықтардың қырылуына мұнай қалдықтарының төгілуі әсер етпеген. «Өткен жылы да итбалықтардың қырылуы тіркелген еді. Ол кездегі себебі – өткір пневмония. Сондықтан да қазіргі уақытта түрлі аурулар мен өзге де себептерді қарастырып отырмыз», – деді ведомство басшысы. Еске салайық, кеше Каспий жағалауынан қырылған итбалық пен бекіре балығының өлекселері табылған болатын. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті сағат шашамен 10.40 кезінде Түпқараған ауданы Баутино ауылының маңынан 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 бекіре тұқымдас балық анықталғанын мәлім еткен еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді