"Иығына қызыл орамал жаппаңыздар": Жазира Байырбекова ұзатылатын қыз бен той иелеріне ақыл-кеңес айтты

Танымал әнші Жазира Байырбекова ұзату тойларда сұранысқа ие. Ол қалыңдық пен той иелеріне өз ұсыныстарын айтып, ұзату тойдың кемшіл тұстарын атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Өнер иесі ұзату тойға қатысты ұсыныстарын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.“Иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы. Ұзатылар алдындағы қызға батаны сәукелені кигізіп болған соң беріңіздерші. Құрбыларына тарататын үкіні аяғына қалдырмай тойдың ортасынанан сәл асқанда таратсыншы. Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқанда тек туған ата-анасы мен,туған бауырлары ғана құшақтап, сүйсінші. Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп, қыз бен жігітпен бірге шықсын. "Бақытты боламын деп барма,сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп тым ауыр жүк артып, тілек айтпаңыздаршы. Қыз бақытты болсын, бастысы. Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе жасаңыз. Жетпесе, қиналып несиеге кірмеңіз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасы болып жүргендер көп… Ұзату тойын күндіз жасасаңыздар жақсы болар еді. Баяғыда күн батпай алып кететін болған. Оның да бір сыры бар шығар. Жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ, екеуінің қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді. Қыздар, ұзату көйлегін тойда киетін туфлиларыңызбен бірге киіп, жүріп көріңіздер. Ұзын болса қысқартып, алдын ала дайындаңыздар. Ойыма ой қоссаңыздар болады”, – деп жазды Жазира Байырбекова. Желі қолданушылары да әншінің бұл пікірін қолдады. “Соғысқа жіберіп жатқандай еңіреп жыламасыншы”, “Ескертудің бәрі орынды, күйеу жігіттің көтеріп шықаны өте ерсі көрінеді”, “Ұзатылған қыз өз жұртына тоқтамай, іркілместен ақ жолымен аттанып кету керек”, “Тойды ұл болсын, ұзату болсын күндіз жасауды үрдіске айналдыру қажет”, “ Қызыл орамалды қайдан шығарған?”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жатыры жыртылып кеткен»: егіз балаға жүкті жас ана сәбилерімен бірге көз жұмды
Қарағандыда Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеден беріледі
Атырауда діни араздықты насихаттайтын кітаптар анықталды
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті
Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады
Елімізде биыл 23 балаларды сауықтыру орталығы салынады
Электрондық сауданың дамуы Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады
Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардессаға арнап фильм түсіреді
Қызмет бабында қаза тапқан полицей III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды
Депутаттар Әбу-Дабидегі қонақ үйдің мейрамханасында жаға жыртысты (ВИДЕО)
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті
Былтыр ІІМ криминалистері 50 мыңнан астам тексеру жүргізді