Израиль әскері Газадағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен аурухана әл-Шифа ауруханасын қоршауға алды. Израиль әскерилерінің мәліметінше, содырлар ғимарат ішінде жасырынып жүр.The Guardian 13 қарашада Израиль әскерилері Газа секторындағы ең үлкен аурухана - әл-Шифа ауруханасының "қақпасының алдында" тұр деп жазды. Мұнда Израилдің палестиналық ХАМАС қозғалысы содырларына қарсы жерүсті операциясы жалғасып жатыр. Израиль әскерилері ХАМАС-тың астыртын штабы аурухана астында орналасқанын айтады. Палестина тарапы ауруханада жүздеген науқас қалғанын алға тартады. Бұған дейін әл-Шифа ауруханасынан ЦАХАЛ ашқан гуманитарлық дәліз бойымен медицина көмегін немесе баспана іздеп келген мыңдаған палестиналық шықты. Бірақ Газадағы Хамастың бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханада электр қуатының үзілгенінен тасымалданбайтын науқастар мен жаңа туған нәрестелер қалды. Палестина тарапының мәліметінше, кейінгі үш күнде әл-Шифада 32 адам қаза тапқан.Қазір Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шамалап бағалауы бойынша, әл-Шифада 600-650 бейбіт тұрғын, 200-ден 500-ге дейін медицина қызметкері және 1,5 мыңға дейін босқын бар. "Науқастардың өлімі санының айтарлықтай өскені қайғылы жағдай. Қауіпсіз болуы керек ауруханалар өлім, күйреу және үмітсіздік ошағына айналғанда әлем үнсіз отыра алмайды", - деді ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды