Израиль СІМ өкілі Қазақстанның Палестина халқына 1 млн доллар көмек жіберуіне пікір білдірді

Израиль Сыртқы істер министрлігі Еуразия және Балқан мәселелері жөніндегі бас директорының орынбасары Симона Гальперин Астанадағы бирифингіде Қазақстанның Палестина халқына 1 млн доллар көмек жіберуі туралы пікір білдірді.«Израиль палестиндіктерге көмек көрсетілуіне қарсы емес. Бұл брифингіден мына маңызды мәліметті алып шыққандарыңыз маңызды. Изариль ХАМАС-пен соғысып жатыр, палестиндіктермен соғысып жатқан жоқ. Израильдің айтып отырғаны жалғыз нәрсе. Көмек палестиндіктерге жету керек. ХАМАС-қа, терроризмге бағытталмауы керек. Көмек палестиндіктердің өмірін құруға, ауруханаларға, мектептерге, балабақшаларға, экономикаға жұмсалу керек», - деді Израиль өкілі. Оның сөзінше, бұған дейін палестиндіктерге жолданған халықаралық гуманитарлық көмек діттеген жерге жетпей келген. «Өкінішке қарай, кейінгі ондаған жылда палестиндіктер БҰҰ сияқты түрлі ұйымдардан кез келген өзге халықтан артық көмек алды. Бірақ ол көмек қайда? Ол көмек сумен қамтамасыз ету жүйесін құрып, индустрияны, экономиканы дамытудың орнына, ауруханалар мен мектептер салудың орнына ХАМАС тюннельдеріне, жер астына жұмсалды. Сондықтан біз палестиндіктерге көмек көрсетуге ешқандай қарсы емеспіз. Бірақ ол көмек Газаның оңтүстігіндегі палестиндіктерге бағытталуы керек. Өйткені солтүстігіне бағытталған көмек ХАМАС-тың олжасына айналып жатыр. Тіпті БҰҰ алғашқы лекпен жөнелткен көмектің бір бөлігі шабуылға ұшырағанын мойындады», - деді Симона Гальперин. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Газа секторында қазір Қазақстанның 76 азаматы бар. «Біздің деректеріміз бойынша Газа секторында Қазақстан Республикасының 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қоса есептегенде олардың саны – 161. Сонымен қатар шетелдік азаматтардың шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі талаптар бар. Олардың үштен бірі эвакуациялауға келмейді. Олар кәмелетке толғандар, ерлі-зайыптылар», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында. Еске салсақ, Газа секторындағы палестиналық радикалдар Израиль аумағына зымыран атқылап, Израильдің орталығы мен оңтүстігінде ерекше жағдай енгізілген еді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Танымай қалдық»: Сырт келбетіне өзгеріс жасаған Меруерт Түсіпбаева жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген 50 жастағы ер адамға үкім шықты
«Иә» дедім»: әнші Ayree жақында тұрмысқа шығады (Видео)
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріліп жатыр
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Бір күнде тергеуден қашып жүрген үш күдікті ұсталды
Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер