Израиль түрме қызметі ХАМАС тобының кепілге алынған израильдіктерді босатуына жауап ретінде тағы 30 палестиналық тұтқынды босатты. Бейсенбі күні ХАМАС ұйымы тұтқынға алынған 8 израильдік азаматты босатты. Бітімгершілікті ұзарту шарттарына сәйкес, ол күн сайын тұтқынға алынған кем дегенде 10 адамды босатуы керек. Бірақ бейсенбіде бір күн бұрын босатылған Ресей азаматтығы бар екі израильдік әйел «есепке алынды». Сондай-ақ кеше Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық жүк тиелген 56 жүк көлігі кірді. Еске сала кетсек, Газада атысты тоқтату келісімі 24 қараша күні таңертең күшіне енді. Сейсенбі күні ХАМАС пен Израиль кепілге алынғандардың бесінші тобымен алмасты. Кеше Израиль барлық әйелдер мен балалар босатылған соң атысты тоқтатуды ұзартатыны хабарланды.