"Жабық мекемелерде азаптау фактілері ашылып, 45 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды",- адам құқықтары жөніндегі уәкіл

10 желтоқсан -Адам құқықтарын қорғау күні. Осыған орай, Елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сарапшылар соңғы екі жыл бойы Қазақстанда қабылданған Конституциялық реформалардың нәтижесін талқылады. Әрі адам құқықтарын одан әрі нығайту бойынша шет елдердің үздік тәжірибелерін ортаға салды.Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының әлеуеті күшейді. Интитуттың өңірлердегі бөлімшелер саны 12-ден 105-ке жетті. Содан болар Уәкіл атына биыл 5 мың өтініш келіп түскен. Нәтижесінде 24 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ал 124-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әсіресе, азаптаулар мен қатігездікке қарсы жұмысқа баса мән беріліп отыр. Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ:Ұлттық привентивті тетік мүшелері сол күні жабық қылмыстық атқару мекемелеріне ешқандай кедергісіз барып, егер қандай да бір фактілер орын алатын болса, қылмыстық іс қозғалса прокуратураға барлық мәліметтерді жібереді. Қазір қылмыстық заң қатаңдады. Егер сондай фактілер орын алатын болса, 12 жылға дейін қылмыстық жазаға тартылады. Президент тапсырмасымен 54 түзеу мекемесіне 29 мың бейнекамера орнатылған. Нәтижесінде, жабық мекемелерде азаптау фактілері ашылып, 45 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен үш жылдың нәтижесін қоса алғаннан жоғары көрсеткіш. Ал жыл басында құрылған конституциялық сотқа 10 айда 5 мың азамат арызын арқалап келген. Эльвира ӘЗІМОВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ: Оның 27 проценті бойынша нақты шешімдер қабылданды. Мысалы, кеше ғана Үкімет пен Жоғарғы Сотқа адам денсаулығын қорғау және судьялардың кәсіби құқығы туралы актілерді қайта қарап, заңнамалық ұсыныс енгізу бойынша шешім шығардық. Қалған істер де қараусыз қалмайды. БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті еліміздегі заңнамалық ілгерлеушіліктерді оң бағалады. Халықаралық форумға депутаттар мен мемлекеттік және халықаралық органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, түркі мемлекеттерінің омбудсмендері қатысты. Шара ертең де жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Ер адамдар бұлшықет өсіру үшін алатын екпелер денсаулыққа зиян емес пе?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты
Маятниктік миграция
Әл-Фараби БОЛАТЖАН, дінтанушы: «Зайырлылық – қауіпсіздік кепілі»
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда
"Келешек" кемел бола ма?
Алатау ауданының Қарасу сквері тұрғындар серуендейтін орынға айналды
АЛМАТЫДА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Жыл қорытындысы: Су инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның орнықты болашағы үшін технологияларды енгізу
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
Мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген жүк көлігі тұрып қалды: 13 желтоқсан 2024, 11:27 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қосшыда қоқыс шығару құны төмендеді