"Жағдай күрделі": Министрлік қызылша ауруының тез таралуының себебін түсіндірді

Қазақстанда қызылша ауруы қарқынды таралып жатыр. Әсіресе екі ірі қала мен екі облыста жағдай күрделі. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Оның айтуынша, биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асып кеткен. "Жалпы, сыртқанттанған адамдардың 83 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың басым бөлігі, яғни 85 пайызы екпе алмаған. Сондықтан екпені нығайту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мәселен, жақында ғана Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмамағамбетова балаларға қосымша екпе жүргізу туралы айтқан. Бұл ретте, 6-11 айлық сәбилер мен 2-5 жас аралығындағы балаларға екпе салынады", - деді Тимур Сұлтанғазиев. Бірінші вице-министр қызылша ауруының таралуы Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент пен Алматы қалаларында айтарлықтай өсіп кеткенін айтты. Аталған ірі қалаларда қазір жағдай күрделі. "Қызылша ауруының таралуы барша әлемде байқалып отыр. Негізгі себептердің бірі - коронавирусқа қарсы іс-шаралар кезінде вакцинацияның жүргізілмеуі. Еліміздің аталған өңірлерінде халық тығыз орналасқан және сәйкесінше бала туу көрсеткіші де жоғары. Тұрғындар санының көп болуына байланысты ондағы ауруды жұқтырғандар санының артқанын байқауға болады", - деді вице-министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиада: Екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті
Атырау облысында кәмелеттік жасқа толмаған 794 қыз жүкті болып қалды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп
Қорғасын зауыты қалдығынан құтылады
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Тасқын турасында тағы да шу
Ақтөбедегі үш адамды кепілге алған қанды оқиға: тірі қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Фандомат – пайдалы құрылғы
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
«Қазақстандағы №1 емші»: Шымкент тұрғыны халыққа онлайн дем салып, емдеп жүр (ВИДЕО)
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
Ұлытауда жоғалған малшы табылды
Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты
Орнықты дамудағы ортақ мүдде
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді