Жаһан жұрты электр көлігін пайдалануға көшіп жатыр

Электромобильдердің әлемдік сатылымының динамикасы жыл өткен сайын артып отыр. Былтыр шамамен 17 млн электрмобиль мен гибридті автомобиль сатылды. Бұл – алдынғы жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. Сұранысқа сай өндіріс те қарқын алып жатыр. Көш бастап тұрған Қытайда былтыр 10 млн-ға жуық электр көлігі жасалған. АҚШ пен Еуропа елдері де көштен қалар емес. Ал Жапония болса ұшатын электр көлігі өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Жаһан жұрты біртіндеп электр көлігін пайдалануға көшіп жатыр. Бұл үрдіске қатысты сарапшылар не дейді? Электромобильдердің басты артықшылығы – олардың қалалардағы ауа сапасын жақсартуға қосатын үлесі. Бір жыл ішінде бір электромобильдің өзі орташа есеппен ауадағы 1,5 миллион грамм көмірқышқыл газының төмендеуіне ықпал етеді. Өз кезегінде бұл тыныс алу жолдары ауруларының азаюына, озон қабатын сақтауға жағдай жасайды. Мұнымен қоса электромобильдерді қолдану жаһандық жылынуды баяулатуға септігін тигізеді. Электркар жасап шығаруда көршіміз Қытай көш бастап тұр. Бұл елдің өндіріс қарқыны көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Әлем нарығының 60%-ін Қытай электр көліктері құрайды. Үздік өндірушілер тізіміндегі АҚШ-та тоқпен жүретін көліктердің нарықтағы үлесі – 11%. Америкада Tesla, General Motors және Ford сияқты компаниялар көш бастап тұр. Еуропада да автоөнеркәсіп өркен жайып келеді. Нарықтың 11%-і Германия, Норвегия, Франция көліктеріне тиесілі. Бұл елдерде атышулы Volkswagen, BMW, Mercedes-Benz, Renault, Peugeot, Think электрокары өндіріледі. Мұнан кейін Жапония мен Оңтүстік Корея үздік бестік тізімін толықтырып тұр. Бұл елдерде жасап шығарылатын Nissan, Mitsubishi, Toyota, Hyundai электр көліктерінің нарықтағы үлесі 3%-ке тең. Сондай-ақ Ресей, Канада, Аустралия мен Мексика да электрмобиль өндірісі бойынша қалыс қалар емес. Федерацияның Мәскеу автомобиль зауытында «Москвич 3е» электромобильдері нарыққа шығарылады. Ал 2 жыл бұрын Липецк облысындағы «Мотор инвест» зауытында Еvolute электромобильдері өндіріле бастады,-деп хабарлайды 24.kz.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды