Жаһанды жаяу аралауға шыққан ұлытаулық ақсақал Ресей шекарасына жетті

Жаһан елдерін жаяу аралау үшін Атыраудан жолға шыққан ұлытаулық ақсақал Ресей шекарасына жетті.Ұлытау облысында тұратын 73 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашовтың 2 тамызда Атыраудан жолға шыққан еді. Саяхатшы бүгін, 8 тамызда Қазақстан-Ресей шекарасына жетті. Бұл туралы саяхатшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті. «Міне, шекараға жеттім. Бірінші шекарадан өткелі тұрмын. Атыраудан 300 шақырымнан астам жаяу жүрдім. Жолдың кейбір жері нашар, кейбір тұсы жақсы. Жол салынып жатыр. Келесі жылға дейін бітетін шығар. Бүгін міне, бірінші рет шекараны көріп, қобалжып тұрмын. Алла сәтін салса, өтермін, сау болыңыздар, қазақстандықтар», - деді Сәрсенбай Қотырашов. Егде жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов әлемді жаяу аралау сапарына шығар алдында атыраулық жастармен кездесті. «Менің жаяу сапарым әлемнің бірнеше елін қамтиды. Қазақстаннан жолға шығып, Ресей, Грузия, Түркия, Болгария, Сербия, Венгрия, Австрия, Германия, Франция, АҚШ, Қытай, Моңғолия елдеріне барамын. Кейін Ресей арқылы Қазақстанға оралуды көздеп отырмын. Жаяу сапарым 2 жылға созылып, 2025 жылдың тамызында аяқтаймын деген жоспарым бар», - дейді Сәрсенбай Қотырашов. Сәрсенбай Қотырашов жаяу сапарын бірнеше бағытқа бөлген. Алғашқы маршруты – Қазақстан, Ресей, Грузия, Түркия елдеріне бару. Бұл елдерді аралау үшін 3 мың шақырымға жуық жол жүреді. Бұған 100 күн қажет. Екінші бағыттағы Түркия, Франция, АҚШ елдерін 180 күнде аралауды жоспарлап отыр. Бұл үшін 9 мың шақырымнан астам жолды еңсермек. Үшінші кезеңе АҚШ-тан бастап, Қытай, Моңғолия, Ресей арқылы Қазақстанға оралады. Бұл кезеңде 130 күнде 4 мың шақырымнан астам жол жүреді. Ол екі жылда 16 210 шақырымды бағындырмақ. Еске сала кетелік, бұдан бұрын 73 жастағы ақсақал әлем елдерін жаяу аралауға Атыраудан жолға шыққанын жазған едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты