Жақынымды жерлейтін жер жоқ! Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары осылай деп шағымданды. Айтуларынша, зиратта орын таусылғанына 2 жылдан асқан. Жұрт марқұмды жер қойнына тапсыру үшін көрші ауылдарға апаруға мәжбүр. Бұған құзырлылар не дейді? Тілшіміз айтады. Талғарда 50 мыңға жуық тұрғын бар. Жазық жерде орналасқан елдімекенде марқұмды жерлейтін орынның табылмауы жұртты қынжылтады. Бақыт БЕКБОЛАТҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Өмір бар жерде өлім бар, оны екі жақты да ойлауымыз керек. Жұрт шулап жүріп бұған дейін де әкімдікке барған. Шағымдарын айтқан. Ондағылар тау бөктерінен орын беріпті. Ал ол жерге көтеріліп, түсу оңай емес дейді тұрғындар. Бекей АҚТЫХАЛЫҚОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Тау 20 гектар оған жаяу адамның өзі әрең шығады, мәшине емес, машинемен апарса мүрдені көтеріп шығу керек. Тауда бір жағы еңіс, бір жағы биік көтеріп шығу үшін жан жағынан адамдар керек. Оны берген адамдар не ойлағанын білмеймін. Жауаптылар мұны біледі. Елдімекен аумағындағы қорымның тарылғанын мойындайды. Мәселені шешуге тырысып жатқандарын жеткізді. Нұрғали ТҰРМАНБЕТОВ, ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жерде қайтыс болып жатқан адамдарды бар ғо сол жерлерде, біз бардық орны бар, Әкімге ұсыныстар айтылды, екі бейіттің ортасындағы жол 8 - 10метр екен.Соны кішкене реттеп неғыла беруге болады.Енді осы былтыр күзде жіберілді преписаниялар. Жер ресурстарын басқару бөлімімен енді күзге дейін шешіліп қалады. Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ: Мынадай қазақтың кең байтақ жерінде марқұмды жерлейтін жер тапшы болып тұрғаны өкінішті әрине. Жауаптылардың айтуынша, Талғар қаласына қарасты үш ауылдың тұрғындары енді туысы көз жұмса, өзге ауылдарға апарып жерлеуге мәжбүр.